KTZ Express негізгі бағыттар бойынша контейнерлік тасымалдауды дамытады

KTZ Express негізгі бағыттар бойынша контейнерлік тасымалдауды дамытады

9 қаңтарда Астанада халықаралық логистика және сауда саласындағы жетекші компаниялардың бірі KTZ Express басшылығының Yixinou Trading Service Group Co., Ltd.,  өкілдерімен кездесуі өтті. Yixinou – Қытай-Еуропа маршрутындағы контейнерлік пойыздардың логистикалық платформасының жалғыз жеке операторы.


Талқылаудың негізгі тақырыбы Еуропалық Одақ елдеріне, Орталық Азияға және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту перспективалары болды. Стратегиялық орналасуы мен дамыған көлік инфрақұрылымының арқасында халықаралық логистика мен сауданың негізгі торабы болып табылатын Чжэцзян провинциясынан тасымалдау көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Келіссөздердің қорытындысы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Бұл құжат контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту және негізгі бағыттарды дамыту бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруды көздейді.