«Ақпараттық күн: Global DTC цифрлық өнімімен таныстыру»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ және PSA International еншілес ұйымы - Global DTC сингапурлық компаниясының кедендік транзит рәсімін оңайлату жөніндегі бірлескен жобасы.
Global DTC кедендік транзитті жеделдету үшін Қазақстан Республикасының халықаралық шекаралық өткелдері арқылы өтетін транзиттік жүктердің тиімді өтуіне арналған «Tez Customs» цифрлық платформасын ұсынады.
«Tez Customs» цифрлық платформасы «ҚХР - Қазақстан – Орталық Азия» бағыты бойынша теміржол транзитін рәсімдеудің цифрлық форматына көшуге арналған. Цифрлық шешім кедендік рәсімдерді едәуір жеделдетуге және жеңілдетуге, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттардың қағаз құжат айналымын болдырмауға ықпал етеді.
Zoom конференциясы арқылы 29 сәуірде сағат 15:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) өтетін Global DTC-ден толық ақпарат алу үшін ақпараттық күнге қатысуға шақырамыз.
Қосылу сілтемесі:
https://us05web.zoom.us/j/85904341502?pwd=ckged0H9PTB6pRajYl1kmeZBSjVo98.1