«KTZ Express» АҚ Ченду қаласында өткен 6-шы Батыс Қытай халықаралық көрмесіне қатысты

«KTZ Express» АҚ Ченду қаласында өткен 6-шы Батыс Қытай халықаралық көрмесіне қатысты.
Ағымдағы жылдың 22 мамырында «KTZ Express» АҚ Қытайдың ең ірі көлік-логистикалық көрмелерінің бірі болып табылатын Ченду қаласындағы 6-шы Батыс Қытай халықаралық жеткізу тізбегі және ақылды логистика көрмесіне қатысты.
Көрме халықаралық ұйымдардың, ҚХР үкіметтік ведомстволарының, Қытай және шетелдік логистикалық компаниялардың жетекші өкілдері арасында әріптестік қарым-қатынас орнатуға арналған алаң болып табылады, сондай-ақ көлік-логистика саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Көрме аясында «Қытай мен Батыс Азия арасындағы көлік және логистика бойынша 3-ші конференция» барысында «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Қапар Айбек іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның логистикалық қызметтер нарығын кеңейту және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ «Бір белдеу-бір жол» және Орта дәліз (ТХКБ) бойынша тасымалдауды дамыту бастаманы қолдайтын елдермен өзара іс-қимыл туралы таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 4 айда Орта дәліз (ТХКБ) бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 3 969 ДФЭ құрды - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе өсті. Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша жүктерді тасымалдау да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға өсіп 122 395 ДФЭ жетті.
Осы форматтағы іс-шаралар трансконтинентальдық маршруттардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді және Еуразия кеңістігінде бірыңғай логистикалық тізбектерді қалыптастыру үшін негіз болады.