KTZ Express Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығымен бірлесіп жаңа контейнерлік қызметті іске қосты

KTZ Express Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығымен бірлесіп жаңа контейнерлік қызметті іске қосты

Алғаш рет Қытай-Түрікменстан бағытындағы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы жүріп өтті.

Пойыз Қытайдың Цзинан-Нан стансасынан жіберіліп, қазақстандандық шекара стансалары Хоргос, Алтынкөл және Болашақ арқылы Түрікменстанның Гыпджак стансасына бағыт алды.

Контейнерлік пойыздың құрамы жалпы жүктері бар 44 қырық футтық контейнерлерден қалыптасқан.

Пойыздың межелі жерге дейінгі жалпы жол жүру уақыты - 8 күн.

KTZ Express клиенттері үшін жаңа контейнерлік қызметтің артықшылығы - Қытайдан Түркіменстан нарығына тауарларды жеткізу уақытының оңтайлылығы. Жаңа контейнерлік пойыз сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер аша отырып жүк тасымалыныңкөлемін арттырады.