Түркияда өткен халықаралық көрмеде ҚТЖ кешенді логистикалық шешімдері ұсынылды

Түркияда өткен халықаралық көрмеде ҚТЖ кешенді логистикалық шешімдері ұсынылды

⠀ «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2022 жылғы 16-18 қараша аралығында Ыстамбұл қаласында (Түркия Республикасы) өткен 15-ші халықаралық көлік-логистикалық Logitrans көрмесіне қатысты. ⠀ Көрме аясында теміржол басқармалары, порттар басшылары, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Орталық дәлізді дамыту: жаңа мүмкіндіктер көкжиегіндегі транзиттік және көліктік ынтымақтастық» тақырыбында панельдік сессия өтті. ⠀ «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Қойшыбаев құттықтау сөзінде ҚТЖ еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Негізгі транзиттік көлік дәліздері бойынша халықаралық жүк тасымалы дамып, жүк көлемі ұлғаюда, Қазақстан арқылы жаңа халықаралық бағыттар іске қосылуда. «Біз жеткізу уақытын қысқартуға және қолайлы тарифтік жағдай жасауға бар күшімізді салудамыз. Желтоқсан айында Алтынкөл стансасынан кесте бойынша тұрақты шаттл пойыздар іске қосылады. Бұл Қытайдан Грузия порттарына дейін жүк жеткізу уақытын 20 күнге дейін жылдамдатады», - деді Е.Қойшыбаев.