KTZ Express: Қазақстан экспортына қолдау көрсетуге арналған логистикалық шешімдер

KTZ Express: Қазақстан экспортына қолдау көрсетуге арналған логистикалық шешімдер

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан экспорттаушылары форумының аясында KTZ Express компаниясы отандық өндірушілердің шетелдік нарықтардағы позицияларын нығайтуға бағытталған негізгі логистикалық бастамаларын таныстырды. Презентациямен жаңа жобалар мен маркетинг жөніндегі Басқарушы директор Асем Мухамедиева сөз сөйледі.

KTZ Express қазақстандық бизнеске бейімделген бірқатар практикалық сервистерді ұсынды, атап айтқанда:

·      экспорттық жүктерді жолаушылар пойыздарының құрамындағы пошта-багаж вагондарымен тасымалдау — жедел әрі үнемді шешім ретінде;

·      өнімді жеткізудің барлық кезеңдерін қамтитын «кілтпен тапсыру» форматындағы кешенді логистикалық қызметтер — жөнелтушіден бастап шетелдік алушыға дейін;

·      ірі логистикалық тораптардан тыс орналасқан кәсіпорындар үшін аса өзекті болатын бірінші және соңғы миля тасымалдарын ұйымдастыру.

Бұл құралдар экспорттаушыларға шығындарды азайтуға, логистикалық үдерістерді жеделдетуге және халықаралық нарықтарға шығуды жеңілдетуге мүмкіндік береді — Қытай, ТМД елдері, Еуропа және Таяу Шығыс бағыттарын қоса алғанда.

Асем Мухамедиева атап өткендей, KTZ Express компаниясының басты мақсаты — жекелеген маршруттарды ғана емес, экспортты жүйелі түрде қолдауға қабілетті тұтас логистикалық экожүйені қалыптастыру. Негізгі назар — қазақстандық өнімнің шетел нарықтарында тұрақты болуы үшін қажет сенімділікке, қолжетімділікке және операциялық тиімділікке аударылған.

Форум тәжірибе алмасу, экспорттаушылармен серіктестік орнату және елдің логистикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бағыттарын айқындау үшін маңызды алаңға айналды.