«KTZ Express» АҚ логистика жөніндегі басқарушы директоры Айбек Қапар «European Silk Road», 2023 саммиті барысында Орта дәлізді дамыту перспективалары туралы айтып өтті.

Будапешт қ.
2023 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Будапешт қаласында «European Silk Road»өтті. Іс-шара Еуропа елдері және Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы сауда байланыстарын нығайту стратегияларын талқылауға арналған алаңға айналды.
Саммитте көлік дәліздерін дамыту және өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі экономикалық ынтымақтастық тәсілдері қамтылды.
А.Қапардың «Қазақстаннан Еуропаға - Орта дәлізге назар аудару» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, онда Қазақстанның көлік инфрақұрылымының мүмкіндіктері және тар жерлері туралы ақпарат ұсынылды.
«Қазақстан-ескі және жаңа Жібек жолының негізгі қатысушысы боп саналады. Әлемдегі серпінді өзгерістерді ескере отырып, көліктік-логистикалық секторды дамыту біздің экономикамыз үшін стратегиялық қажеттілікке айналуда», - деп атап өтті А.Қапар.
Айта кетейік, 2022 жылы Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 2,5 есеге ұлғайып, 1,5 млн тоннаға жетті, 2023 жылдың 10 айында жүк тасымалдау көлемі - 2,3 млн тоннамен 97,7% (2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) өсті.
European Silk Road Summit - жыл сайын 300-ден астам жетекші сарапшыларды, кәсіпкерлерді, теміржол жүктері саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жинайтын Еуропадағы жаңа Жібек жолына арналған ең ірі іс-шара.