KTZ Express 5 ай ішінде экспортқа 6 мың тоннадан астам ферроқорытпалардың жеткізілімін ұйымдастырды

KTZ Express 5 ай ішінде экспортқа 6 мың тоннадан астам ферроқорытпалардың жеткізілімін ұйымдастырды

«KTZ Express» АҚ «​​YDD Corporation» Қарағанды ферроқорытпа зауытының өнімдерін Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (TХКМ) бойымен тұрақты түрде экспортқа жібереді.

Алғашқы құнды жүк тасымалы 2019 жылдың желтоқсан айында жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың 5 айында 6000 тоннадан астам жүк тасымалданды.

Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия аумақтары арқылы өтетін және теңіз порттарында бірнеше ауыстырып өткізуді қажет ететін мультимодальды маршрут бойымен жүк тасымалы әдетте 14 күннен аз уақытты алады.

Тасымалдау жүк көтерімділігі 30 тонна 20-футтық күшейтілген контейнерлерде жүзеге асырылады. Ферроқорытпалар өздерінің экспорттық бағдарын Жаңа Қарағанды ​​стансасынан бастап Поти (Грузия), Дарги (Түркия), Искандерум (Түркия) стансаларына бағыттайды.

Экспорттаушылардың айтуынша, олар үшін ең бастысы - жүктің 100% қауіпсіздігі, жеткізу жылдамдығы және «KTZ Express» АҚ тарифтерінің тартымдылығы.