Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағыты бойынша тұрақты контейнерлік қатынасты дамыту аясында жаңа контейнерлік пойызды жөнелту ұйымдастырылды.

Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағыты бойынша тұрақты контейнерлік қатынасты дамыту аясында жаңа контейнерлік пойызды жөнелту ұйымдастырылды.

Қазақстан-Түркіменстан-Иран бағыты бойынша тұрақты контейнерлік қатынасты дамыту аясында Далянь (ҚХР) солтүстік-шығыс Цзинган станциясынан жаңа контейнерлік пойызды жөнелту жүзеге асырылды. Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумағында қызметтердің толық спектрін ұсынуды KTZ Express мультимодальды операторы жүзеге асырады. Автокөлік құрамдас бөліктері бар 50 қырық футтық контейнерден тұратын контейнерлік пойыз Қазақстан аумағы арқылы Алтынкөл және Болашақ шекара өткелдері арқылы өтіп, одан әрі Иран-Түркіменстан шекарасындағы Инчебурун стансасы арқылы діттеген жеріне жетеді - Жолфа станциясы (Иран). Жаңа құрлық қосылымы баламалы теңіз жолымен салыстырғанда жеткізу уақытын екі есе қысқартады, сонымен қатар, жол бойында жүктерді ауыстырып тиеудің болмауына байланысты мұқият жеткізуге кепілдік береді.