KTZ Express Қазақстан - Қытай бағыты бойынша тоңазытқыш контейнерлерде қазақстандық ет өнімдерінің тасымалын ұйымдастырды
KTZ Express қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен тауарларыныңэкспортқа жеткізілуін қамтамасыз ететін жеке тоңазытқыш контейнерлерде азық-түліктің тұрақты тасымалын ұйымдастыру үшін көліктік-логистикалық жобаны жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында «Ақтөбе ет кластері» ЖШС Ақтөбе қаласынан ҚХР-ға экспортқа 8 тоңазытқыш контейнерде мұздатылған ет өнімдерін жіберді.
Температуралық жағдай мен үнемі қадағалауды, сонымен қатар ветеринарлық бақылау мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау арқылы 197 тонна мұздатылған сиыр еті 4 күнде межелі жерге жеткізілді.
«Агроөнеркәсіптік сектордың қазақстандық өнімдерін Қытайға экспорттау Қытаймен сыртқы сауда қатынастарындағы перспективті бағыттардың бірі болып табылады және теміржол көлігі кемемен салыстырғанда мұндай өнімді жеткізу уақытын едәуір қысқарта алады. Мұздатылған өнімдерді тоңазытқыш контейнерлерде жеткізуге мүмкіндік беретін қызметке деген сұраныстың өсіп жатқанын байқаймыз. Болашақта біз Қазақстан-Қытай бағыты бойынша ай сайынғы тұрақты тоңазытқыш контейнерлердегі жүк тасымалын 20 контейнерге жеткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді«KTZ Express»АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев.