KTZ Express Брюссель қаласында өткен Global Gateway инвесторлар форумына қатысты

KTZ Express Брюссель қаласында өткен Global Gateway инвесторлар форумына қатысты

Ағымдағы жылдың 29-30 қаңтар аралығында, Брюссельде өткен Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары жөніндегі Global Gateway инвесторларының бірінші форумы шеңберінде, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуды инвестициялау үшін стратегиялық маңызы мен мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан ТХКБ-ның құрлықтағы учаскесінің көп бөлігін алғандықтан және Каспий порттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз еткендіктен, ТХКБ-ны дамытуға ерекше назар аударады. «KTZ Express» АҚ үшін Global Gateway-ге қатысуы, логистика саласында жаңа перспективалар ашады және Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік бағыттарын дамытуға ықпал етеді.

Жеке панельдік сессия аясында, «KTZ Express» АҚ логистика жөніндегі басқарушы директоры А. Қапар, форумға қатысушыларды ТХКБ-да жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. «ТХКБ жеткізу жылдамдығын арттыру үшін, «KTZ Express» АҚ Алтынкөл – Поти/Батуми бағыты бойынша контейнерлердің санына қарамастан, 12-15 күн ішінде жүктерді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шаттл-сервис іске қосылды. Сервис қызметі белгіленген кесте бойынша аптасына 3 рет ұсынылады», - деп атап өтті А. Қапар.

Жалпы, Global Gateway форумы бизнес тарапынан да, халықаралық ұйымдар тарапынан да ТХКБ-ны дамытуға қызығушылық танытты.