«KTZ Express» АҚ командасы футбол турнирінде екінші орын алды!

«KTZ Express» АҚ командасы футбол турнирінде екінші орын алды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 120 жылдығын мерекелеу аясында теміржол саласының қызметкерлері арасында футболдан көктемгі турнир өтті. «KTZ Express» АҚ командасы тамаша ойын көрсетіп, құрметті 2-ші орынды иеленді.


«KTZ Express» АҚ командасы ойынның алғашқы минуттарынан бастап өзін мықты әрі мақсатты қарсылас ретінде көрсетті. Футболшылар тамаша ұйымшылдық пен командалық рухты көрсетті.


«KTZ Express» АҚ турнирді ұйымдастырушыларға, қарсыластарына және жарыс барысында команданы қолдаған барлық адамдарға алғыс білдіреді.