Қазақстан-түрік бизнес форумының аясында «KTZ Express» АҚ мен Pasifik Eurasia Lojistik Dış Ticaret A.Ş арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«KTZ Express» АҚ өкілдері Қазақстан мен Түркияның бизнес ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды бекіту үшін платформаны құруға бағытталған және логистика, сауда және инвестициялар саласында екі мемлекет арасында ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталған қазақстандық-түрік бизнес-форумына қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің 10-қазақстан-түрік Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы отырысының жұмысына қатысуы аясында ұйымдастырылды. Форум барысында «KTZ Express» АҚ мен Pasifik Eurasia Lojistik Dış Ticaret A. Ş арасында Қазақстан аумағы арқылы өтетін «Оңтүстік дәліз» бойынша тасымалдауларды дамытуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат сондай-ақ операциялық шығындарды төмендету жолымен бағыттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді және активтерді өзара пайдалану есебінен ұсынылатын контейнерлік сервистің сапасын жақсартуды көздейді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркияның көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастығы белсенді дамып келеді, мысалы, 2019 жылдың 9 айында контейнерлерді тасымалдау көлемі 5,4 мың ЖФЭ құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 мың ЖФЭ-ны құрайды немесе 69% - ға артты. Сонымен қатар жаңа логистикалық сервистерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда 2019 жылы қазанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қытай, Әзірбайжан, Грузия және Түркия темір жол әкімшіліктерімен әріптестікте Транскаспий көлік дәлізі мен Мармарай (Түркия) тунелі бойынша Босфор бұғазымен өтетін Сиань - Стамбул – Прага бағыты бойынша балама контейнерлік сервис іске қосылды.