KTZ Express пен Neptune Logistics жүк тасымалдарын дамыту үшін ынтымақтастықты нығайтады

KTZ Express пен Neptune Logistics жүк тасымалдарын дамыту үшін ынтымақтастықты нығайтады

2025 жылы Мюнхен қаласында өткен Transport Logistic – 2025 халықаралық форумы аясында KTZ Express пен Қытайдың Shenzhen Neptune Logistics Co., Ltd компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Neptune Logistics – Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы мультимодальды тасымалдарға маманданған жетекші логистикалық операторлардың бірі.

Құжат мультимодальды бағыттарды дамытуға және логистика мен жүк тасымалдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Тараптар тасымал географиясын кеңейту, заманауи цифрлық платформаларды енгізу және басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Neptune Logistics компаниясымен серіктестігіміз Шығыс пен Батысты байланыстыратын көлік дәлізін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады. Процестерді цифрландыру мен сенімді әріптестік қатынастар бізге одан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізуге жол ашады деп сенеміз», — деді KTZ Express компаниясының логистика жөніндегі Бас директорының орынбасары Қапар А.И.


Shenzhen Neptune Logistics Co., Ltd – халықаралық контейнерлік тасымалдар саласында толық қызметтер спектрін ұсынатын, теміржол, автокөлік және теңіз бағыттарын қамтитын Қытайдың жетекші логистикалық операторларының бірі.