KTZ Express және Shandong Hi-Speed Group жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2025 жылдың 3 наурызында Астанада «KTZ Express» АҚ басшылығы мен Shandong Hi-Speed Group – Көлік және логистикалық инфрақұрылым саласындағы ірі қытайлық компаниялардың бірі-кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, ынтымақтастықты кеңейту және жаңа логистикалық шешімдерді енгізу перспективаларын талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
· Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау көлемінің өсуі;
· Орта Азия елдеріне контейнерлік пойыздар санын көбейту;
· Тасымалдау тиімділігін арттыру үшін екі деңгейлі контейнерлерді пайдалану мүмкіндіктері.
Келіссөздер Қазақстан мен Қытайдың көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға және мультимодальды маршруттарды дамытуға деген өзара қызығушылығын растады.
Компаниялар 2024 жылдың желтоқсанында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырады.
KTZ Express және Shandong Hi-Speed Group бірлескен логистикалық жобаларын дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк ағынын ұлғайту үшін, сондай-ақ халықаралық көлік тізбектеріне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.