Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

"KTZ Express" АҚ барша қазақстандықтарды осы ұлы күнмен, бостандықтың, бірлік пен ұлттық мақтаныштың символымен құттықтайды!
Біз Тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосқандардың барлығын ризашылықпен еске аламыз және халқымыздың жетістіктерімен мақтанамыз.
Елімізге өркендеу, бейбітшілік пен амандық, ал әрбір азаматқа – денсаулық, бақыт және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз! Бұл мереке бізді мықты әрі біртұтас Қазақстанның болашағы үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын.
Мереке құтты болсын, қазақстандықтар!