Қазақстан мен Вьетнам арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2025 жылғы 6 мамырда Астанада KTZ Express басшылығы мен Вьетнамның теміржол операторы – Vietnam Railway Transport басшылығының кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы Вьетнам – Қытай – Еуропа бағыты бойынша мультимодальды сервис ұйымдастыру арқылы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары болды.
Келіссөздер барысында KTZ Express компаниясының Бас директоры Д.М. Қожахметов компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, көлік-логистика секторын дамыту және негізгі көлік бағыттары бойынша көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар логистика және халықаралық сауда салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қолдау білдіріп, тасымалдарды ұйымдастыру бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жүргізуге келісімге келді.