KTZ Express және Golden Line Shipping Company арасында бірлескен логистикалық қызметтерді дамыту ниеті туралы Меморандумға қол қойылды

KTZ Express және Golden Line Shipping Company арасында бірлескен логистикалық қызметтерді дамыту ниеті туралы Меморандумға қол қойылды

2024 жылғы 19 шілдеде Ақтау қаласында «Солтүстік-Оңтүстік» көлік сауда-экспорттық форумы аясында KTZ Express пен ирандық Golden Line Shipping көлік-логистикалық компаниясы арасында Меморандум жасалды.


Меморандумның мақсаты екі тараптың логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстан мен Иран арқылы жүк тасымалын дамыту және оңтайландыру үшін әріптестік қатынастар орнату болып табылады.                   


Бұл қадам Қазақстан мен Иранның логистикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып табылады, сондай-ақ елдердің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.