KTZ Express теміржол көлігі қызметкерлері күнімен құттықтайды

KTZ Express теміржол көлігі қызметкерлері күнімен құттықтайды

Кәсіби мереке қарсаңында KTZ Express барлық теміржолшыларды Теміржол көлігі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке өмірін еліміздің ең маңызды және стратегиялық салаларының бірімен байланыстырған жандарды біріктіреді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында компания дамып, көлік дәліздері нығайып, Қазақстанның халықаралық логистикалық картадағы орны артып келеді. Біз жас мамандар мен көпжылдық еңбегін теміржол саласына арнаған кәсіби мамандардың иық тірестіре жұмыс істейтін ұжымымызбен мақтанамыз. Олардың білімі мен тәжірибесі жас буынға үлгі.

Осы мереке күндері ерекше алғысымызды филиал «KTZE Батыс» құрамындағы сатылым және клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы Наталья Керейқызы Умербаеваға білдіреміз. Оның теміржолдағы еңбек жолы 1984 жылы басталып, осы жылдар ішінде жол монтерінен бөлім басшысына дейін көтеріліп, филиалдың клиенттік қызметінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның еңбегінің арқасында тек 2025 жылдың өзінде 11 жаңа клиент тартылып, филиал табысы 44 %-ға артты. Ол жас мамандарға тәлімгер және корпоративтік өмірдің белсенді қатысушысы.

Сондай-ақ, 41 жылдық еңбек өтілі бар, Операциялық жұмыс департаментінің тасымалдауды жоспарлау тобының менеджері Улдан Сабыровна Карантаеваның еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Ол компаниядағы көптеген автоматтандыру жобаларының бастауында болып, жүк жеткізу мерзімдерін бақылау, қараусыз уақытты азайту және цифрлық шешімдерді дамыту ісіне елеулі үлес қосты.

Біздің ұжымда ерекше орын алатын тағы бір тұлға – Теміржол тасымалдары департаментінің арнайы тасымалдар тобының бас менеджері Гульжан Мукатаевна Коспаева. 40 жылдық еңбек жолын ол күрделі арнайы тасымалдарды, гуманитарлық және халықаралық жобаларды ұйымдастыруға арнады. Оның жоғары кәсібилігі мен логистикалық дәліздерді дамытудағы белсенді еңбегі көптеген қызметкерлер үшін үлгі.

Сондай-ақ, Операциялық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Айгуль Ертаевна Мукашеваны да ерекше алғысымызбен атап өтеміз. Оның жалпы еңбек өтілі 41 жыл, соның ішінде 20 жылдан астамы теміржол саласында. Ол 2005 жылы «Қазтранссервис» АҚ-да жетекші инженер болып жұмысын бастап, бас маман дәрежесіне дейін көтерілді. 2016 жылғы қайта ұйымдастырудан кейін «KTZ Express» АҚ – «KTZE Солтүстік» филиалында еңбек етті, ал 2018 жылдан бастап Астанадағы Тасымалды ұйымдастыру орталығында жұмысын жалғастыруда. Оның жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен ұқыптылығы бірнеше рет құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді, сондай-ақ «Қазақстан темір жолына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Компания сондай-ақ Түркістан станциясындағы контейнерлерді жөндеу учаскесінің шебері Мухтар Алимович Даулетбаевқа ризашылығын білдіреді. Оның еңбек өтілі 32 жыл, соның ішінде 24 жылы теміржол саласында. Оның жетекшілігімен учаскенің өнімділігі 3 есе артты, бұл филиалдың жұмыс тиімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Ол өз ісіне адалдығымен және жас буынға тәлімгерлігімен үлгі.

Халықаралық тасымалдарды дамытуға үлкен үлес қосқан тағы бір маман – «KTZE Оңтүстік» филиалы «KTZE Алтынкөл» агенттігінің бастығы Айгуль Какимбековна Алимбаева, оның салалық өтілі 20 жыл. Оның жетекшілігімен агенттік тұрақты өсім көрсетіп, тек 2024 жыл мен 2025 жылдың бірінші тоқсанында 5 000-нан астам контейнерлік пойыз қайта тиеуден өтті.

Компания мақтанышпен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің RMG козловой краны машинисі Камбар Ертурсынович Сатыбалдиевті атайды. Ол кәсіпорын құрылған күннен бастап жұмыс істеп, кәсібилігін көрсетті. 17 жыл ішінде Камбар Ертурсынович жүк көтергіш техниканы басқарудың заманауи әдістерін меңгерген білікті маман ретінде танылды. Ол барлық тиеу-түсіру жұмыстарын сенімді және дәл орындайды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды. Үздік еңбегі үшін «Қазақстан Темір жолы – 25 жыл» медалімен марапатталып, 2025 жылы «Кәсібі бойынша үздік» атағына ие болды.

Сондай-ақ, «Аксу‑1» станциясындағы контейнерлерді жөндеу агенттік пунктінің бастығы Наталья Николаевна Лямина ерекше назарға лайық. Теміржол саласында 18 жыл еңбек еткен оның кәсібилігі мен стандарттан тыс шешім қабылдау қабілеті ұжымға бірнеше жыл бойы контейнер жөндеу жоспарын 130 %-дан асыра орындауға мүмкіндік берді. Ол бірнеше рет еңбегі үшін марапатталды және «KTZ Express» АҚ Бас директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.

KTZ Express барлық қызметкерлерге өз ісіне адалдығы, кәсібилігі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Сіздердің еңбектеріңіз – компанияның табысы мен Қазақстан көлік саласының дамуының кепілі! Мереке құтты болсын!