ТХКБ: жүк ағынының өсімі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда

Ағымдағы жылдың 21-22 қазанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған Тбилиси қаласындағы Грузия Премьер - Министрі Георгий Гахарияның өзі ашқан үшінші Халықаралық Жібек жолы форумға қатысты.
Мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, 60-тан астам елдің көлік-логистикалық компанияларының басшылары мен өкілдері халықаралық сауда, экономика, сандық технологиялар, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Форум аясында жұмыс тобы мен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық ассоциациясының жалпы жиналысы өтті. Жалпы жиналыс отырысы барысында ағымдағы жылдың 9 айындағы ТМТМ бойынша жүктерді тасымалдау бойынша жұмыстардың қорытындысы шығарылды.
Контейнерлік тасымалдар көлемінің оң динамикасы көрсетілді, ол 18,1 мың ЖФЭ (+75%) құрады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басшысы, «ТХКБ» ХА» ЗТБ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев жаңа жүк ағындарын бағытқа тарту жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын және Транскаспий дәлізінің тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Отырысқа қатысушылар, сондай-ақ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы фидерлік кемелермен жүктерді жеткізу нәтижелері туралы хабардар етілді.
Фидерлік желінің жұмысы басталғаннан бері 26 айналма рейс жасалды. Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша контейнерлерде 2476 ЖФЭ, кері бағытта 1524 ЖФЭ тасымалданды. Отырыста 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап жұмыс істейтін Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша фидер кемелерінің қатысуымен 45-футтық контейнерлерді тасымалдауға арналған тарифтік мөлшерлемелер бекітілді. Сонымен қатар, ТХКБ бағыты бойынша 2019 жылға белгіленген тарифтік мөлшерлемелерді 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс талқыланды. Жалпы жиналыстың шешімімен қауымдастыққа «ТИС контейнерный терминал» БАҚ және «Баку Говсан международный торговый морской порт» ААҚ қабылданды. Отырыс қорытындысы бойынша «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» ХА» ЗТҰ жалпы жиналысының хаттамасына қол қойылды.