KTZ Express Еуропалық Одақ елдеріне экспорттық мультимодальды тасымалды ұйымдастырды

KTZ Express Еуропалық Одақ елдеріне экспорттық мультимодальды тасымалды ұйымдастырды

KTZ Express Алматы қаласынан Еуропалық Одақ елдеріне Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТМТМ) бойынша арнайы өндірістік жүктерді экспортқа мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыруда.

Жүктер 40 футтық контейнерлердегі арнайы қаптамада жеткізіледі. Бағыт бойынша негізгі логистикалық тораптар: Алматы – Ақтау – Поти – ЕО елдері. Жеткізу мерзімі – 25–30 күнтізбелік күн.

Қазіргі кезеңдегі тасымал көлемі 20-дан 50 ЖФЭ-ге дейін, алдағы уақытта айына 100 ЖФЭ-ге дейін арттыру жоспарлануда.

KTZ Express жөнелтушіден бастап теміржол, Каспий мен Қара теңіз арқылы теңіз тасымалын қамтитын кешенді логистикалық қызмет көрсетеді.

Маршруттың теңіз бөлігі әлемдегі ірі теңіз және мультимодальды логистика операторларының бірі — Maersk компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылуда.

Бұл жоба KTZ Express компаниясының экспорттық шешімдерді кеңейтуге және Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.