KTZ Express көршілес елдерге қазақстандық гуманитарлық көмек жеткізілімін ұйымдастырды

KTZ Express көршілес елдерге қазақстандық гуманитарлық көмек жеткізілімін ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы» Жарлығын іске асыру аясында KTZ Express Қырғызстанға 60 және Тәжікстанға 69 бірінші сұрыпты ұн тиелген жабық вагон жөнелтті.

Пойыздар қазақстандық Қостанай және Майқұдық стансаларында барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес жинақталды.

Жүк жөнелтуші – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi. Қырғызстандағы жүк алушы Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қоры, Тәжікстанда – Тәжікстан  Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі.

Гуманитарлық көмек аясында көршілес елдерге жалпы салмағы 10000 тоннаға жуық шамамен 150 вагон бірінші сұрыпты ұн жіберіледі.