Экспресс-пойыздар және цифрлық шешімдер: KTZ Express және Chengdu International Railway Port Investment & Development Co Ltd. транзиттік дәлізді дамытуға бағытталған

Экспресс-пойыздар және цифрлық шешімдер: KTZ Express және Chengdu International Railway Port Investment & Development Co Ltd. транзиттік дәлізді дамытуға бағытталған

2024 жылдың 26 наурызында KTZ Express және Chengdu International Railway Port Investment & Development Co Ltd арасында келіссөздер өтті.


Chengdu International - Қытайдағы Ченду халықаралық теміржол портының пилоттық еркін сауда аймағында орналасқан порттық инвестициялық топ.


Кездесуде Қытай-Қазақстан-Ресей көлік транзиттік дәлізін дамытуға қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ бағыт бойынша жедел пойыздарды іске қосу және цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері талқыланды.


Келіссөздер транзиттік тасымалдауды дамытуға және перспективалы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады.