KTZE Commerce – «2024 жылдың Компаниясы» ұлттық сыйлығының лауреаты

KTZE Commerce – «2024 жылдың Компаниясы» ұлттық сыйлығының лауреаты

АО «KTZ Express» компаниясының филиалы болып табылатын KTZE Commerce Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «2024 жылдың Компаниясы» ұлттық сыйлығымен марапатталды.

Сыйлық KTZE Commerce компаниясының кедендік-брокерлік қызметтерді жетілдіру, логистикалық үдерістерді цифрландыру және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіби стандарттарды арттыру бойынша жұмысы сараптамалық бағалаудан өтіп, соның нәтижесінде берілді.

2024 жылғы негізгі көрсеткіштер:

  • 10 000-нан астам импорттық декларация рәсімделді
  • Қытай, Түркия, Вьетнам, Иран, Өзбекстан және басқа елдерден $120 млн астам сомаға импорт жүзеге асырылды
  • Алтынкөл, Достық және Ақтау шекара бекеттерінде 370 000-нан астам транзиттік декларация тіркелді
  • Ресей мен Беларуське 8 000-нан астам транзиттік жүк жөнелтілді
  • Мемлекеттік бюджетке 20,4 млрд теңге салықтар мен кедендік төлемдер аударылды

KTZE Commerce уәкілетті экономикалық оператор және кеден өкілі ретінде кедендік рәсімдеуден бастап қоймаға дейінгі толық логистикалық қызметтерді ұсынады.

Өз кезегінде АО «KTZ Express» цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, персоналдың кәсіби біліктілігін арттыру және сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің ашықтығы, жеделдігі мен құқықтық сенімділігіне жоғары стандарттарды қалыптастыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.