Чунцин - Вильнюс бағыты бойынша пошта тауарларымен жүктелген контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтуде.
«KTZ Express» АҚ Қытайдың «China Post Group» ұлттық пошта қызметінің және гуманитарлық көмек тауарлары жүктелген 44 контейнерден тұратын «China-Europe Express» пойызының Қазақстан аумағы бойынша экспедиторы болып табылады. Жүк алушы - Литваның мемлекеттік пошта операторы «Lithuania Post».
Бір қызығы, бұған дейін Пекин, Гуандун, Хунань, Чунцин және Қытайдың басқа қалаларынан Еуропаға пошта жүктері әуе және автомобиль көлігімен жеткізілген.
Жөнелтілім қатысушыларының пайымдауынша, ғаламдық коронавирустық пандемия жағдайында авто және әуе жүк тасымалы байланысының жабылуы салдарынан почта жүктерін теміржол көлігіне қайта бағыттау белсенділігі артуда.