KTZ Express Қытайдың Шандун провинциясымен серіктестігін кеңейтуде

 KTZ Express Қытайдың Шандун провинциясымен серіктестігін кеңейтуде

2024 жылғы 7 қазанда Астанада KTZ Express өкілдері Циндао қаласының халық өкілдері жиналысы комитетінің орынбасары басқаратын Шандун провинциясының делегациясымен келіссөздер жүргізді.


Талқылаудың басты тақырыбы қытайлық Shandong Port Group компаниясымен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары болды.


Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға, сондай-ақ орта дәліз бойында логистикалық инфрақұрылымды кеңейту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тараптар ТХКБ маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаласты.


Естеріңізге сала кетейік, Shandong Port Group барлық қытай өңірлері арасында Қазақстанмен сауда көлемі бойынша үшінші орында тұрған Шаньдун провинциясының жетекші порт операторы болып табылады.