Қазақстаннан АҚШ-қа: KTZ Express бидай ұнын экспорттады
.jpg&w=2048&q=75)
📍 Қазақстан – АҚШ
KTZ Express Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына алғаш рет бидай ұнын контейнерлік экспорттық тасымалдауды сәтті жүзеге асырды.
Қазақстандық өнім Қостанайдан Нью-Йоркке дейін табысты жеткізілді. Бұл жеткізілім «Eurasian Legacy» брендімен отандық ұнды америкалық нарыққа шығаруға арналған пилоттық жоба болды. Қазір өнім Amazon платформасында және бірқатар бөлшек сауда желілерінде қолжетімді.
Жеткізу бағыты Қостанайды, Ақтау портын, Поти жүк терминалын, Түркия мен Испания порттарын қамтып, Атлант мұхитын кесіп өтіп, Нью-Йорк портына жетті. Жобаны іске асыру KTZ Express-тің филиалы – KTZE Солтүстік және әлемдегі ең ірі кеме компанияларының бірі MSC (Mediterranean Shipping Company) серіктестігі арқылы жүзеге асырылды.
Алдағы уақытта жеткізілімдер ай сайын жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл жобаның жүзеге асуы KTZ Express-тің Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуға және ұлттық өндірушілердің әлемдік аренадағы позицияларын нығайтуға қосқан зор үлесі болып табылады.