Алғаш рет KTZ Express компанияс полипропиленді Түркіменбашы портынан Қытайдың Циндао қаласына Каспий теңізі Ақтау порты арқылы жеткізілуі ұйымдастырылды
Алғашқы 48 қырық футтық полипропилен контейнерлері теңіз арқылы Түркменбашы портынан Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Одан әрі жүк Қытайға тасымалдау үшін Қазақстанның шекара маңындағы Алтынкөл станциясына жөнелтілді. 7500 км бағыты бар қашықтықты пойыз 10 күнде өтеді.
Осы пилоттық жөнелтудің оң тәжірибесі полипропиленді теңіз көлігімен жеткізу бойынша тұрақты сервиске бастау беруі мүмкін. Жөнелтуге қатысушылар бұл бағытты оңтайлы және экономикалық тиімді болып табылатынын, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан порттары арқылы жүк ағыны көлемін арттыруға серпін беретінін атап өтті.