«ПРО// Движение.1520» халықаралық көлік-логистикалық форумы онлайн форматта өтті

Өткен аптада «KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев «ПРО// Движение.1520» көлік форумына қатысты. Іс-шараның негізгі тақырыптары: көліктік-логистикалық қызметтердің эволюциясы, теміржол саласы және әлемдік эко-тенденциялар, сондай-ақ көлік саласындағы процестерді цифрландыру болды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы «Гудок «Баспа үйі» АҚ болды. Бас серіктес - Ресей теміржолдары. Форум алғаш рет онлайн форматта өтті, биыл оған 28 елден 650 компания қатысты. 2019 жылы аталған форумға 17 мемлекеттен 325 компанияның өкілдері қатысты.
Дмитрий Абдуллаев сөз сөйлеу барысында қатысушыларды «KTZ Express» АҚ-ның қызметтерімен таныстырды, пандемияға қарамастан Қазақстан арқылы өтетін барлық маршруттарда тұрақты өсім сақталатынын атап өтті. «Біз республика арқылы өтетін тасымалдың оң динамикасын көріп отырмыз, сондықтан қаңтар-қыркүйек аралығында барлық бағыттар бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 36% құрады. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік маршруттарға сұраныс жоғары. Қытай - Ресей - Қытай бағытында тасымал көлемі 2020 жылдың 9 айында 36 мың ЖФЭ құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% артты. 2019 жылдың соңында бұл көрсеткіш 33,4 мың ЖФЭ құрады», - деп атап өтті ол.
Айта кетерлік жайт, форумды сала өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рекордтық саны тамашалады. Әлеуметтік желілер форумның 6 мыңнан астам қаралымын қамтамасыз етті. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,3 мың қатысушы Сочидегі оффлайн шараға тіркелді.