KTZ Express TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесіне қатысады

KTZ Express TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесіне қатысады

📅 Өткізу күні: 2025 жылғы 30 қыркүйек – 2 қазан

📍 Өткізу орны: «Атакент» КҚК, Тимирязев көшесі, 42, Алматы, Қазақстан

🏢 Стенд: 10-павильон, № 10A-01


KTZ Express Алматыда өтетін «Транспорт және Логистика» – TransLogistica Kazakhstan 2025-тің 28-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысады. Бұл іс-шара заманауи көлік-логистикалық шешімдер мен технологияларды ұсынуға арналған Орталық Азиядағы ең ірі мамандандырылған алаң болып табылады.

KTZ Express стендінде қонақтар таныса алады:

  • негізгі мультимодальды бағыттар бойынша өзекті тарифтер мен жеткізу мерзімдерімен;
  • логистикалық шығындарды есептеу және жеткізу тізбектерін оңтайландыру шешімдерімен;
  • компанияның алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерімен, оның ішінде жеделдетілген кедендік рәсімдеу, құжаттарды автоматтандырылған ресімдеу және тасымалдауды басқарудағы инновациялармен.

Көрме қонақтарына клиенттердің бизнес-мақсаттарына бейімделген икемді шарттары бар жеке коммерциялық ұсыныстар ұсынылады.

KTZ Express клиенттерді, серіктестерді және көрме қатысушыларын стендке шақырады, мұнда ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін және көлік-логистикалық қызметтер саласындағы перспективаларды талқылауға болады.