KTZ Express «Қытай-Еуропа» екінші форумында

📅 18 қараша 2025 жыл
📍 Сиань, Қытай
KTZ Express «Қытай-Еуропа» жобасы бойынша халықаралық ынтымақтастық екінші форумына «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ ресми делегациясының құрамында қатысты. Іс-шара «Азияны Еуропамен қосу, болашақты бөлісу» деген ұранмен өтті және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында теміржол қатынастарын дамыту бойынша негізгі халықаралық алаңдардың бірі болды.
Форум барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 17 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында KTZ Express пен YXE Trading Service Group арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі Меморандум бар, ол KTZ Express-тің логистика жөніндегі атқарушы директордың орынбасары Қапар А.И. тарапынан қол қойылды. Құжат бірлескен логистикалық қызметтерді дамытуға, Қытай–Еуропа маршрутының тиімділігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТМТМ) ілгерілетуге бағытталған.
Меморандумның қол қойылуы тараптар арасындағы практикалық өзара әрекетті күшейтеді және Азия мен Еуропа арасындағы бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық тізбектерді қалыптастыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.
YXE Trading Service Group (Yixinou) – халықаралық логистикалық қызмет көрсетуші оператор және Қытай – Орталық Азия – Еуропа бағыты бойынша негізгі қатысушылардың бірі. KTZ Express пен YXE жүйелі ынтымақтастық жүргізіп келеді, оған контейнерлік тасымалдарды дамыту, жаңа логистикалық қызметтерді енгізу және ТМТМ аясындағы бағыттарды, соның ішінде Өзбекстан мен Иранға бағыттарды ілгерілету кіреді.