Интернет-вебинар барысында KTZ Express қызметтері  ұсынылды

Интернет-вебинар барысында KTZ Express қызметтері  ұсынылды

Ағымдағы жылдың 10 маусымында пандемия кезінде және одан кейін бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбына арналған интернет-вебинар барысында KTZ Express қызметтері  ұсынылды. Аталған іс-шара «Атамекен» ҰКП және Гонконг Сауда дамыту Кеңесінің ұйымдастырылуымен жүзеге асты.

Іс-шараға қатысушылар бизнестің жаңа мүмкіндіктері мен Гонконг Сауда Дамыту Кеңесінің қолдау бағдарламалары жөнінде ақпарат алып, пандемия кезіндегі экономикалық жағдаймен танысты.

Семинарда спикерлердің қатарында Орта Азия Сауда үйінің бас директоры Алишер Махмудов болды. Қазақстан және Өзбекстанның ұлттық компанияларымен құрылған Сауда үйі «KTZ Express» АҚ-мен бірнеше жыл бойы тығыз ынтымақтастықтың артықшылықтарына лайықты баға берді.

- Біз үшін KTZ Express тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған климаттық жағдайлары бар мамандандырылған контейнерлер паркін басқаратыны өте маңызды. Біз үшінші елдерге кіру мәселесіне арнайы көңіл бөлудеміз және KTZ Express бізге осындай мүмкіндікті бере алады, өйткені компания бүкіл әлем бойынша ең қолайлы тарифтерді ұсынады және сапалы тасымалдауды ұйымдастырады», - деді ол.

Алишер Махмудовтың пайымдауынша, қазақстандық компания әрқайсысы 27 тоннаға дейін жеміс-жидектер мен көкөністерді тасымалдауға арналған 45-футтық арнайы тоңазытқыш контейнерлерді қолданысқа ұсынған. Қажетті температура жағдайында олар өздігінен 20 күнге дейін жұмыс істей алады.