Қостанай облысының жүк жіберушілеріне ҚР аумағы бойынша арнайы тарифтік транзиттік жағдайлар ұсынылды

Қостанай қ. ағымдағы жылы 18 қазанда астық-бұршақ, ыдысты-даналанған жүктерді жіберушілердің шақыртуымен дөңгелек үстел өтті.
Шақырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін арнайы тарифтік транзиттік жағдайлар туралы хабарландырылды. «KTZ Express» АҚ басшылығы ТХКБ бағыты бойынша тасымалдау ұсынылды, онда шақырылғандарға шарттар, бағыттар мен мүмкіндіктер түсіндірілді. Сондай-ақ контейнерлерде жүктерді тасымалдау, фидерлік тасымалдау шарттары таныстырылды, «KTZ Express» АҚ компаниясымен тікелей келісім-шарттар жасасу кезіндегі мүмкіндіктер мен өзара тиімді шарттар түсіндірілді.
Шақырылғандар «KTZ Express» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, тұрақты негізде компаниялардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, соның ішінде арнайы тарифтік жағдайлар жасау, транзиттік жүктердің жүру жылдамдығын арттыру және т.б. жөнінде жұмыс жүргізетіні туралы хабардар етілді.Ағымдағы жылдың 18 қазаны күнінің екінші жартысында «Сары-арка Авто пром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «KTZ Express» АҚ басшылығымен кездесу өтті.
Клиенттерге кірме жолдарға, кәсіпорын жұмысының өндірістік процестеріне экскурсия жүргізілді. Өндірістік логистиканы дамыту, кірме жолдың жол дамуын дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді, алдағы жылға тасымалдау көлемі айтылды. Талқыланған мәселелер барысында туындайтын жүктерді тасымалдау, Қостанай торабы станциялары жұмыстарын, техникалық және пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мәселелері талқыланды.