ТХКБ жүк тасымалы үшін тартымды бола түсуде

ТХКБ жүк тасымалы үшін тартымды бола түсуде

2024 жылғы 30 мамырда Шымкент қаласында Орта дәлізді (ТХКБ) дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оның негізгі бағыты жүк ағындарын тарту және маршрутта ұсынылатын сервистің тиімділігін арттыру жөніндегі мәселелерді талқылауға бағытталған.


Жұмыс тобының отырысы барысында «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар ағымдағы жылдың 4 айында ТХКБ бойымен тасымалдау процесіне қатысушылардың жүргізген жұмыстарын қорытындылады.


«Бүгін, бірлескен жұмыс нәтижесінде жүктерді жеткізудің тұрақты мерзімдері және тасымалдаудың белгіленген құны белгіленді, бұл осы бағыттың тартымдылығының негізгі артықтылығына айналды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс-Батыс бағыты бойынша 73 контейнерлік пойыз іске қосылғанын», - А.Қапар атап өтті.


«KTZ Express» АҚ Алтынкөл станциясынан Апшеронға (Баку) дейін ТХКБ бойынша жеткізу мерзімі 9 күнді, Алтынкөл қаласынан Поти/Батуми дейін 12 күнді құрайды деп хабарлады.