KTZ Express «Магистраль‑Live» бағдарламасында Ақтау жаңа контейнерлік хабының негізгі ерекшеліктерін ашып көрсетті

KTZ Express «Магистраль‑Live» бағдарламасында Ақтау жаңа контейнерлік хабының негізгі ерекшеліктерін ашып көрсетті

2025 жылғы 28 шілдеде «Магистраль‑Live» сараптамалық алаңында «Орта дәліз тірек нүктелерін іздейді: беріктікке сынау және кеңею келешегі» атты арнайы шығарылым өтті.

Бағдарлама қонағы «KTZ Express» АҚ жаңа жобалар және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Мұхамедиева А.Б. болды. Сұхбат барысында Мұхамедиева А.Б. Транскаспий бағытының бейнесін қазірдің өзінде өзгертетін стратегиялық нысан – Ақтаулық халықаралық контейнерлік хабты құру және дамыту перспективалары туралы егжей‑тегжейлі айтып берді.

Мұхамедиева А.Б. жаңа хабтың Орта дәліз үшін маңызын арттыратын инновациялық шешімдерді атап өтті:

  • ZPMC RMG крандары – Қазақстанда баламасы жоқ қашықтан басқарылатын тиеу‑түсіру кешендері. Бұл крандар контейнерлерді өңдеу жылдамдығын 2–4 есе арттырады, қауіпсіздікті күшейтеді және операцияларды автоматтандырады.
  • Terminal Operation System (TOS) – бірыңғай цифрлық жүйе, ол жүктер ағынын басқаруды, контейнерлер есебін және порт пен кеденнің IT жүйелерімен интеграцияны біріктіреді, нақты уақыт режимінде толық бақылауды қамтамасыз етеді.

Бұл технологиялық шешімдердің арқасында Ақтау хабы өткізу қабілетін және логистикалық қызмет сапасын айтарлықтай арттыратын жоғары технологиялық орталыққа айналады.

KTZ Express, «Порт Ляньюньган» ЖШҚ және «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ арасындағы бірлескен жоба жедел қарқынмен жүзеге асырылуда. 2025 жылғы маусымда бірінші іске қосу кешенінің техникалық ашылуы жоспардан бұрын өтті.

Алдағы жылдары Ақтау Каспий өңірі мен Орталық Азия елдерінің жүк ағындары үшін толыққанды заманауи контейнерлік қызметтерді ұсынатын маңызды торапқа айналады.

Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау үдерісі қалай өзгереді? Бұл жоба бизнес пен халықаралық саудаға қандай жаңа мүмкіндіктер ашады?

Осы және басқа да сұрақтарға жауапты Мұхамедиева А.Б.-ның «Магистраль‑Live» сараптамалық алаңындағы сұхбатынан көре аласыз.

Толық сұхбат сілтемеде:

https://www.youtube.com/live/BfsG19hX2io?si=37tUCCHXGH_uXZz0