Қазақстандық жүк жөнелтушілерге контейнерлік тасымалдарды Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша ұйымдастыру мүмкіндіктері ұсынылды

ҚТЖ-да Қазақстан мен Иранның теміржол әкімшіліктерінің, ҚР мемлекеттік органдарының және қазақстандық бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. ⠀ Дөңгелек үстел аясында Иран теміржол әкімшілігі қатысушыларға сапалы сервис, бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар және Иран арқылы құрлық дәлізімен маршруттық жылдамдықты арттыру бойынша бастамаларын ұсынды. ⠀ Айта кету керек, Иран бағытының келешегі зор. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Иранның теміржол әкімшіліктері өзара транзиттік-көліктік қарым-қатынас саласында үлкен жұмыс атқарды, сонымен бірге одан әрі даму үшін зор әлеует сақталып отыр.