AD Ports Group пен «KTZ Express» АҚ стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

AD Ports Group және «KTZ Express» АҚ Астана қаласында ынтымақтастықты дамытудың одан арғы бағыттары бойынша келіссөздер жүргізді.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 2 желтоқсанында БАӘ-де БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференция аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойылды. Бірлескен кәсіпорынды құрудың басты мақсаты екі тараптың құзыреті мен мүмкіндіктерін ескере отырып, «Солтүстік-Оңтүстік» ХКД дамыту.
Кездесу аясында тараптардың назары нарықтың өзгеріп отырған талаптарын қанағаттандыру мақсатында көлік-логистикалық қызметтерді жақсартуға бағытталды. Бұл кездесу тараптар арасындағы серіктестікті нығайтудың кезекті негізгі қадамы болып табылады.