KTZ Express және Shandong Hi-Speed Logistics Group CO., Ltd. көлік-логистикалық қызметтер саласында ынтымақтастық туралы келісті

2024 жылдың 19 сәуірінде Астанада «KTZ Express» АҚ мен қытайлық Shandong Hi-Speed Logistics Group CO., Ltd. басшылықтары арасында кездесу өтті.
Shandong Hi-Speed Logistics Group Co., Ltd. Шаньдун провинциясының логистикалық саласының флагманы және Қытайдың жетекші логистикалық компаниясы болып саналады.
Кездесуде тараптар Орталық Азия мен Еуропа бағытында Қазақстан, Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Циндао порты арқылы бірлескен көлік сервисін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Өз тарапынан, KTZ Express көліктік-логистикалық сервисті ұсыну шарттары, сондай-ақ ТХКБ-ны дамыту жөніндегі мүмкіндіктер мен жүргізілген жұмыстар таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада ынтымақтастық туралы тиісті құжаттарға қол қою туралы келісті.