KTZ Express Транскаспий бағыты арқылы қазақстандық уранды жеткізуге қатысады ⠀

KTZ Express Транскаспий бағыты арқылы қазақстандық уранды жеткізуге қатысады ⠀

KTZ Express “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК табиғи уранын Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКМ) арқылы Еуропа және Америка порттары бағытында жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. ⠀ Арнайы жүкпен тиелген контейнерлер жиынтығы қазақстандық Жаңатас және Өскемен станцияларында қалыптастырылады. Бұдан әрі Ақтау, Баку және Поти теңіз порттары арқылы межелі пункттер бағытына қарай жүреді. Қазатомөнеркәсіп Батыс нарықтарына өнімді үздіксіз жеткізуді жүзеге асыру үшін ТХКМ баламалы бағыт ретінде табысты пайдаланады.