KTZ Express Алмалық тау-кен металлургиялық комбинатынан үздіксіз шикізат тасымалын қамтамасыз етеді

KTZ Express Өзбек темір жолымен бірлесе отырып Өзбекстанда шамамен 90% күміс пен 20% алтын өндіретін және Орталық Азиядағы ең ірі мыс өндіруші болып табылатын Алмалық тау-кен металлургия комбинатынан контейнерлік пойыздарда катодты мыс пен мырыш тасымалын ұйымдастырады.
Шикізат жүйелі түрде Сергелі стансасынан (Ташкент, Өзбекстан) жіберіледі. Содан кейін Сарыағаш және Оазис шекара бекеттері арқылы жүк Транскаспий бағыты бойынша Ақтау портына жетіп, ол жерден фидерлік кемелерде Баку портына жөнелтіледі. Порттан жүк Түркияның Стамбул, Анкара және Мерсин қалаларына жеткізіледі.
Ай сайынғы тасымал көлемі орташа есеппен алғанда 400 жиырма футтық ауыр контейнерлер шамасын қамтиды.
«Біз клиенттерге кешенді логистикалық қызмет ұсынамыз. Қазіргі төтенше жағдай кезінде жүк көлемін автомобиль жолынан теміржолға ауыстыру тиімдірек, жоспарлау сапасын жақсартады және шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етеді», - дейді «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев.