KTZ Express Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысты

KTZ Express Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысты

2025 жылдың 28-29 сәуірінде «KTZ Express» АҚ Карачи қаласындағы Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына, сондай-ақ Исламабад қаласында өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысына қатысты.


Бизнес-форум аясында KTZ Express Бас директоры Д. М. Қожахметов, Қазақстанның халықаралық логистика саласындағы дамуының негізгі бағыттарын айқындап, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік бағыттарын кеңейтудің маңыздылығын презентациямен баяндап, атап өтті.


Сапар барысында KTZ Express делегациясы пәкістандық логистика саласының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.


KTZ Express тасымалдардың тиімділігін арттыру және еуразиялық нарықта тұрақты логистикалық тізбектерді қамтамасыз ету мақсатында жүк ағынының негізгі нүктелерінде өзінің терминалдық желісін кеңейту стратегиясын дәйекті түрде іске асыруда.