Сиань қаласында (ҚХР) KTZ Express компаниясының ресми өкілдігі ашылды

"Қытай елінің Сиань қаласындағы кеңсенің ашылуы - компания дамуының стратегиялық кезеңі болып табылады, бұл қадам Қытай еліндегі басты серіктестермен қарым-қатынасты күшейтуге, сонымен қатар бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады" - деп АО «KTZ Express» Бас директоры Дмитрий Абдуллаев мәлімдеді.
Қазіргі таңда KTZ Express Қытайдың 17 провинциясымен, Вьетнам, Корея, Еуропа, Парсы шығанағы елдерімен тұрақты контейнерлік қызмет бойынша байланыс орнатылды. Қытай провинциясынан Еуропа елдеріне жүктің жеткізілу уақыты 9 күннен 15 күнге дейінгі аралық, ал Орталық Азия елдері мен Ресей аралығы 6-8 күнді қамтиды.Өкілдіктің мекен-жайы: ҚХР, Шэньси провинциясы, Сиань қ. еркін сауда аймағы, кеден ғимараты, 1503 кеңсе.