«KTZ Express» АҚ басшысы Д. Абдуллаев «Халықаралық трансъевразиялық көліктік үйлестіру кеңесі» жұмыс тобының онлайн-отырысына қатысты

Ағымдағы жылдың 15 мамырында «KTZ Express» АҚ басшысы Д. Абдуллаев «Халықаралық трансъевразиялық көліктік үйлестіру кеңесі» жұмыс тобының онлайн-отырысына қатысты. Іс-шараның мақсаты – «Шығыс-Батыс» көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды талқылау және әзірлеу.
Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық трансевразиялық көліктік үйлестіру кеңесінің 28-ші жалпы отырысында «KTZ Express» АҚ Халықаралық трансевразиялық көліктік үйлестіру кеңесінің қауымдастырылған мүшесі мәртебесін алды. Сонымен қатар, оның нәтижелері бойынша «Шығыс-Батыс» халықаралық көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Халықаралық трансевразиялық көліктік үйлестіру кеңесінің жұмыс тобы құрылды.
Онлайн-талқылаудың басты тақырыбы Қытай және ТМД темір жолдарының қазіргі жағдайы мен Қытай-Еуропа-Қытай қызметінде теміржолмен контейнерлік тасымалды дамыту жоспарлары болды.
Қатысушылар 2020 жылдың 4 айындағы контейнерлік жүк тасымалының динамикасын, транзит уақытын, тарифтік жағдайларды, жаңа жүк базасын тарту мәселелерін, атап айтқанда, навигациялық пломбаларды қолдана отырып, поштаны және «рұқсат етілген жүктерді» тасымалдау мәселелерін, пойыздардың жүруі барысында контейнерлермен вагондарды құрудың қазіргі таңдағы жоспарының сақталуы туралы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.