KTZ Express және QazTrade Қазақстанның шикізаттық емес экспортын ілгерілету үшін күш біріктіреді
.jpeg&w=2048&q=75)
2024 жылғы 29 наурызда "KTZ Express" АҚ мен отандық экспортты ілгерілету жөніндегі оператор - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы "АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қазақстандық шикізаттық емес экспортты ілгерілету үшін күш біріктіруді көздейді.
Бұл ынтымақтастық жеткізудің оңтайлы бағыттарын ұсынуды және көлік шығыстарын барынша азайтуды ескере отырып, қазақстандық тауарларды өткізудің шетелдік нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар экспорттық логистикалық мультимодальдық сервистерді құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс істейтін болады, сондай-ақ тасымалдау процесін оңтайландыру үшін ақпараттық базаларды интеграциялау мәселелерін пысықтайтын болады.