KTZ Express, РЖД логистика және Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы "Солтүстік-Оңтүстік" бағытында контейнерлік сервисті дамытуға келісті.

KTZ Express, РЖД логистика және Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы "Солтүстік-Оңтүстік" бағытында контейнерлік сервисті дамытуға келісті.

⠀ Халықаралық және транзиттік жүк тасымалындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2022 жылдың 1 қарашасында қол қойылды. ⠀ Құжатта көзделген ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының ішінде: үшжақты және транзиттік қатынаста жүктерді тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, жүктерді халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайту, "Солтүстік-Оңтүстік" теміржол дәлізінің әлеуетін іске асыруға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалануға бағытталған ынтымақтастықты дамыту. ⠀ Сонымен қатар Меморандум Қазақстан, Түрікменстан және Ресей арасында жаңа тұрақты пойыздарды іске қосу жолымен теміржол маршруттарын дамытуға, сондай-ақ технологиялық инновацияларды енгізуге және маршруттың әлеуетін іске асыру жөніндегі бірлескен шешімдерге кепілдік береді.