«KTZ Express» АҚ Президенті Дмитрий Абдуллаевтың үндеуі

«KTZ Express» АҚ Президенті Дмитрий Абдуллаевтың үндеуі

Құрметті клиенттер!

«KTZ Express» акционерлік қоғамын бизнесіңіздің логистикалық серіктесі ретінде таңдағаныңыз үшін алғыс білдіремін.

Қызметкерлеріміздің, клиенттеріміз бен серіктестеріміздің денсаулығы – біз  үшін маңызды міндеттердің бірі, сондықтан 20 наурыздан бастап «KTZ Express» АҚ орталық аппараты қызметкерлерінің негізгі бөлігін Қазақстан Республикасы Президенті бұйрығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырамыз.

Қолданылып отырған шара біз ұсынатын қызметтердің сапасына кері әсерін тигізбейтініне кепілдік береміз: біз қашықтықтан жұмыс режимінде барлық қажетті ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін толық қамтамасыз еттік.

Барлық жұмысқа қатысты мәселелер қалыпты режимде электрондық пошта, жұмыс және ұялы телефондар арқылы шешілетін болады.

Контакт-орталық: +7 7172 611 500

 

Электрондық пошта: express@ktze.online

 

Кеңсе: info@ktze.kz

 

Баспасөз қызметі: pr@ktze.kz


Жеке хабарламалар үшін барлық қызметкерлермен WhatsApp желісі арқылы хабарласа аласыздар.


Біз коронавирустық пандемиямен байланысты жағдайдың тез арада жақсаратынына сенімдіміз.

 

Құрметпен,


Дмитрий Абдуллаев.