KTZ Express Ақтау портында алғашқы электрондық транзиттік декларацияны рәсімдеді

«KTZ Express» АҚ-ның «KTZE-Батыс» филиалының қызметкерлері Ақтау портында алғаш рет контейнерлік пойыздың электрондық транзиттік декларациясын орындады.
Гипс тиелген қырықфуттық 42 контейнерден тұратын контейнерлік пойыз Таяу Шығыс елдерінен Қытайға дейін Қазақстан аумағы арқылы өтуде. Мамандар тіркеуді 6 сағаттың ішінде аяқтады.
Болашақта «KTZ Express» АҚ филиалы бұл қызметті тек транзиттік трафикте ғана емес, сонымен қатар АТСП мен Құрық порттары арқылы өтетін экспорттық және импорттық трафикте дамытуды жоспарлап отыр.
Кедендік делдалдық қызметтерді ұсыну қызметін енгізуден басқа, Ақтау қаласындағы агент пунктінде сату және клиенттерге қызмет көрсету бойынша коммерциялық кеңсе ашылып, тәулік бойғы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк ағындарын қабылдау мен қызмет көрсету үшін барлық жағдайларды жасайды, кешенді қызмет көрсетуді және тұтынушылармен Қазақстан арқылы өтетін маршруттарда өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.