Қытай-Қазақстан шекарасында орта дәліз бойынша өтетін жүктердің кедендік транзитін декларациялау процесі автоматтандырылған

Қытай-Қазақстан шекарасында орта дәліз бойынша өтетін жүктердің кедендік транзитін декларациялау процесі автоматтандырылған

Global DTC компаниясы,  PSA тобының мүшесі «KTZ Express» АҚ ұлттық логистикалық операторымен бірлесіп Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекарада транзиттік жүктерді кедендік ресімдеу рәсімін автоматтандыруға арналған Tez Customs цифрлық платформасын іске қосты.


Tez Customs құжаттарды алдын ала дайындауды, автоматты тіркеуді және транзиттік декларацияларды шығаруды қамтитын кешенді шешімді ұсынады. Бұл логистикалық процестерді оңтайландыруға, ресімдеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын арттыруға және кедендік операциялардың уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және Global DTC компаниясының бірлескен күш - жігерінің арқасында 2024 жылғы мамырдан бастап Tez Customs Қытай-Орталық Азия бағыты бойынша Алтынкөл-Сарыағаш бағытындағы транзиттік жүктерді ресімдеу процесін толық автоматтандырды. 2024 жылдың қазан айында платформаның қолданылу аясы Транскаспий халықаралық көлік бағытына (TХКБ) кеңейтілді.


Платформа жұмыс істеген уақыт ішінде Қытай-Орталық Азия бағыты бойынша платформа арқылы 54 мыңнан астам транзиттік декларацияны, ТХКБ-да - 5000-нан астам декларацияны ресімдеу автоматтандырылды. Tez Customs енгізу қағазсыз құжат айналымына көшуге және пойыз шекара маңы станциясына келген сәттен бастап кедендік рәсімдерден өту уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.


Ақпараттық анықтама:


Global DTC, DTC платформасын әзірлеуші және оператор-Сингапурда және Орталық Азияда ресурстары бар Сингапурдан келген технологиялық компания.


Global DTC - PSA тобының мүшесі.


PSA International - әлемдегі жетекші порт операторы және жүк тасымалына қатысушылар үшін жеткізу тізбегіндегі сенімді серіктес. PSA порттары мен жүк тасымалы шешімдерінің портфолиосы 45 елдегі 170-тен астам жерде 60-тан астам терең теңіз, теміржол және ішкі терминалдарды, соның ішінде Сингапур мен Бельгиядағы екі флагмандық порт кәсіпорнын және жеткізу тізбегін басқару, логистика, теңіз және цифрлық қызметтердегі аффилиирленген кәсіпорындарды қамтиды.