ҚТЖ-дағы цифрлық трансформация: "Бірыңғай Цифрлық Терезе" іске қосылды

ҚТЖ-дағы цифрлық трансформация: "Бірыңғай Цифрлық Терезе" іске қосылды

13 желтоқсанда Астанада «ҚТЖ» ҰК" АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің, сонымен қатар компания серіктестері:  Global DTC Pte. Ltd. (Сингапур) және Huawei Technologies Co., Ltd. (Қытай) компаниялары өкілдерінің қатысуымен стратегиялық сессия өтті.


Іс-шарада KTZ Express басқарма төрағасы Д.М. Қожахметов «ҚТЖ» ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшелері үшін "Бірыңғай Цифрлық Терезе" (БЦТ) жобасын таныстырды. Жоба мақсаты - жүк тасымалы саласында клиенттік сервисті толықтай цифрландыру.


Жоба  «ҚТЖ» ҰК" АҚ-ның барлық еншілес ұйымдарының коммерциялық қызметтерін біріктіріп, клиенттер үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құрды.


БЦТ құру бизнес үдерістердің айқындылығын қамтамасыз етіп, коммуникацияны оңтайландырады және клиенттер үшін қолайлы бірыңғай кіру нүктесін құрады.


Бұл өтінімдерді қарау уақытын қысқартып, жұмыс үдерістерінің өнімділігін,сондай-ақ логистикалық операцияларды басқару тиімділігін арттырады.


Бұрын портал сынақтық режимде іске қосылған еді және клиенттерге келесі қызметтерге қолжетімділікті ұсынды: коммерциялық ұсыныстар алу, келісімшарттарды үйлестіру, Call-орталық және әлеуметтік желілер арқылы өтінімдер беру, сонымен қатар қызметтерге өтініш ресімдеу.