KTZ Express қызметкерлері — Masters санатындағы VII Қазақстан ашық чемпионатының жеңімпаздары

KTZ Express қызметкерлері — Masters санатындағы VII Қазақстан ашық чемпионатының жеңімпаздары

📅 2025 жылғы 13–14 қыркүйек

📍 Алматы, Қазақстан


Алматы қаласында Masters санатындағы VII Қазақстан ашық чемпионаты өтті.

Ең ірі ұлттық компаниялардың өкілдерінен құралған Samruk Swim Team құрамасы тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — KTZ Express қызметкерлері команданың жетістігіне айтарлықтай үлес қосты:

  • Константин Лимаренко 50 м және 100 м еркін стильде, сондай-ақ 50 м баттерфляйда үш алтын медаль иеленді.
  • Әнел Жеңісқызы 50 м арқамен жүзу және 100 м брасс қашықтықтарында екі алтын, ал 50 м баттерфляйда қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, KTZ Express спортшылары команда қоржынына бес алтын және бір қола медаль салды.

Жалпы алғанда, Samruk Swim Team 16 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

KTZ Express әріптестерімізді жоғары нәтижелерімен құттықтайды және корпоративтік спортты дамытуға қосқан үлестерін мақтан тұтады!